"Қазгидромет" РМК ауа райы болжамын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астана қаласының ауа райы болжамы
3 наурызда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз қар жауады, көктайғақ. Желдің екпіні секундына 9-14 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -15-17°, күндіз -2-4°.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
3 наурызда құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кейде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде -3-5°, күндіз +4+6°.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
3 наурызда құбылмалы бұлттылық, жауын-шашын, көктайғақ, түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6°, күндіз -1+1°.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.