4 маусымнан бастап Air Astana әуекомпаниясы халықаралық рейс ашады.
Қазақстанда жаңа әуе рейс ашылады
Фото: istockphoto
1,741
оқылды

Алматы-Дананг әуе бағыты ашылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.
Биылғы жылдың 4 маусымынан бастап қазақстандық  Air Astana  әуекомпаниясы Алматы-Дананг бағыты бойынша Вьетнамға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) Airbus A321LR ұшағымен орындалады.

Нәтижесінде, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 32-ден 34-ке дейін артады.
Әуеқатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.