Болашақта жасанды интеллект көптеген мамандардың орнын алмастырып, кей қызметкерлердің керегі болмай қалады.
Алдағы бес жылда 92 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Фото: istockphoto
1,723
оқылды

Алдағы бес жылда жасанды интеллект 92 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін. Дүниежүзілік экономикалық форумның болжамында осылай делінген,  деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ зерттеуде дәл осы уақыт ішінде 170 млн жаңа жұмыс орны құрылатыны туралы да айтылған. Бұл жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты. Яғни, болашақта жасанды интеллект көптеген мамандардың орнын алмастырып, кей қызметкерлердің керегі болмай қалады. Есесіне, жаңа мамандықтар пайда болуы мүмкін.

–  Болашақта пошташы, кассир, банк қызметкері, әкімші сияқты мамандықтарға сұраныс азаяды. Яғни, қолмен атқарылатын жұмыстарды істейтін мамандар керек болмай қалады. Себебі бұл процестердің барлығы автоматтандырылады. Сондықтан мамандарды қайта оқыту, біліктілігін арттыруға көңіл бөлу керек, –  дейді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Экономикалық саясатты талдау бөлімінің басшысы Анна Альшанская.