Семейде беделді қызметке жұмысқа орналаспақ болған ер адам алаяқтың арбауына түсіп, ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл оқиғаның басты кейіпкері – өзін “Мөлдір” деп таныстырған әйел. Ол қазан айында жас жігітті беделді жұмысқа орналастыратынына сендіріп, қызметі үшін қомақты қаржы алған. Алайда шын мәнінде бос жұмыс орны жоқ болып шықты, ал ақша алаяқтың қалтасына түсті.
Көп ұзамай қылмыс әшкереленді: полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні анықтады. Әйел өз кінәсін мойындады, алайда ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағандықтан, қайтаруға мүмкіндігі болмады.
Қазір күдіктіге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.