Бұл туралы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланды.
Бас прокуратура мен антикор Арғын Нығматулинге іздеу жариялады
Фото: gov.kz
977
оқылды

Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталындағы "Қылмыскерлерді іздеу" бөлімінде Арғын Зайруллаұлы Нығматулиннің іздестіріліп жатқаны жөнінде ақпарат жарияланды.

– Қазақстан Республикасының азаматы, 1955 жылы туған, қазақ. Іздестіру ісі 03.03.2025 жыл. Астана өңірінде тіркелді. Бастамашы – прокуратура. Іздестіруді жүргізетін орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, –  делінген ресми ақпаратта.

Арғын Нығматулин Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты болып, заңдылық және азаматтардың құқығы жөніндегі тұрақты комиссияны басқарған, сонымен қатар Қарағанды ​​облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болды.

Ол Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы комитетінің және Жоғарғы хоккей лигасының ұйымдастыру комитетінің мүшесі қызметтерін де атқарған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.