Сот актісі заңды күшіне енді.
"Бірнеше рет пара алған": Қарағандыда Мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары сотталды
Фото: istockphoto
1,728
оқылды

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты жемқорлық қылмыстық құқықбұзушылықтары үшін облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары М.Ақбиев, Б.Мұқашев, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет субъектілері А.Балацкая, Х.Бекишев, Н.Бекшин және И.Андриенко сотталды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Антикордың мәліметінше, лауазымды тұлғалар кедендік бақылау саласындағы жол берілген бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алып, кінәлі деп танылды.

–  Ақбиев пен Мұқашевқа тиісінше 21,7 млн теңге және 2,5 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Осы үкіммен пара берушілер А.Балацкая, Х.Бекишев, Н.Бекшин және И.Андриенко 540 мыңнан 3 млн теңгеге дейінгі айыппұлдарға сотталды. 

Сонымен қатар  сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады, –  делінген ресми ақпаратта.

Сот актісі заңды күшіне енді. ҚР ҚК-нің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.