Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Қар жауып, жел күшейеді: 4 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto
1,365
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 4 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мамандардың болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында қалың қар жауады.

Атмосфералық фронттардың өтуі әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: қар жауып, батыста қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Ел аумағы бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Сондай-ақ солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта жел екпіні күшейеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.