Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Telegram-дағы Mash арнасына сілтеме жасап.
Видеода қолында кішкентай баласын ұстап келе жатқан әйелдің үстіне шатырдан мұздың құлағанын көруге болады. Салдарынан екеуі де жерге құлап түскен.
Бала жылай бастаса, анасы сол жерде қозғалмай жатты. Куәгерлер дереу көмекке жүгіріп, жедел жәрдем шақырған.
Дәрігерлердің айтуынша, әйел ауруханада орташа ауыр жағдайда жатыр. Баланың жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.