Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы маңызды келісімді ратификациялайтын заңға қол қойды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген ресми ақпаратта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.