Әлемнің ең мықты оқу ордаларына шақыру алған оқушы Арыс қаласындағы Абай атындағы «Білім инновация» ер балалар лицей-интернатында оқиды.
Түркістан облысында оқушы әлемнің 30 университетінен шақырту алды
Фото: istockphoto
2,138
оқылды
Арыс қаласындағы Абай атындағы «Білім инновация» ер балалар лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Ерасыл Жүнісбек әлемнің үздік 30 университетінен шақырту алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Олардың қатарында City University of Hong Kong, American University of Beirut, University of Colorado Boulder, Drexel University, Temple University, DePaul University, Xavier University сынды АҚШ мемлекетінің жоғары оқу орындары бар. Сондай-ақ Ұлыбританияның University of Leeds, Queen Mary University of London, University of Glasgow секілді білім ордалары арыстық оқушы Ерасылды өз қатарларынан көргісі келеді.
«Ерасылдың табысы біздің лицей оқушыларының әлеуеті жоғары екенін көрсетіп, болашақ түлектерге үлкен жігер сыйлайды. Бұл – қажырлы еңбектің, білімге деген құштарлықтың және табандылықтың нәтижесі. Ерасылды осы керемет жетістігімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!», - дейді сынып жетекшісі Мақсат Темірхан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.