Баланың денесінің төменгі бөлігін күйік шалған.
Ақтауда 11 жастағы бала ыстық су толы шұңқырға құлап кетті (видео)
Фото: istockphoto
1,046
оқылды

Ақтау қаласында 11 жастағы бала ыстық су толы шұңқырға құлап, күйіп қалды. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Белгілі болғандай, қаладағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында жылу құбыры жарылып, ыстық су шұңқырға жиналып қалған.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Онда зардап шеккен баланың анасы болған жағдай туралы айтып берген.

Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасының өкілдері баланың денесінің төменгі бөлігін күйік шалғанын мәлімдеді.

- 2014 жылы туған баланың сан және балтыр бөліктері екінші және үшінші дәрежеде күйіп қалған. Денесінің 30 пайызы зақымданған. Күйіктің ауырлығына байланысты баланың жағдайы ауыр. Дәрігерлер тексеріп, күйік жарасына хирургиялық өңдеу жүргізді. Есін біледі, жүрек соғысы мен тыныс алуы қалыпты, - деп мәлімдеді аурухананың баспасөз қызметі.

Қазір бала қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.