Сайыс жеңімпаздары биыл 16-19 сәуір аралығында Хьюстонда (АҚШ) өтетін әлемдік робототехника чемпионатына Қазақстанның атынан қатысады.
FIRST Tech Challenge аға санатында Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің PID командасы Алматы әкімінің бас кубогын жеңіп, Хьюстонға жолдама алды. Сондай-ақ АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына Қарағанды облысының «Мұрагер» лицей-интернатынан JelToqSun командасы, Алматының «Білім-инновация» лицей-интернатынан SANA командасы және Алматының ФМН НЗМ-нан Cristabol командасы да қатысады.
FIRST LEGO League Challenge орта санатында Қарағанды облысының «Мұрагер» ММЛИ-дан RassLexx және Астанадағы жеке білім беру орталығынан SKILLSET командалары жеңімпаз атанды.
FIRST LEGO League Explore кіші санатында SATURN Robotics School (Павлодар облысы) мектебінің Atlantis командасы әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.
Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ