Сарыағаш қаласындағы №71 мектепте роботпен асық ойнау дәстүрге айналған. Өскелең ұрпаққа ұлттық ойынды дәріптеп, насихат- тауға білім ұясының ұстаздары білек сыбана кіріскен.
Асық ойнайтын роботтар
142
оқылды

Оқушылар арасында өнертапқыштар да бар. Ұлттық ойынды робот арқылы ойнаудың әдіс-тәсілін ойлап тап­қан. Арнайы алаңқайда өздері құрастырған роботтың жұмысын сынап, асық ойнаудың көркін қыздырады. Мұны жүзеге асыруда аудандық әкелер мектебінің үлесі зор.

– Қазір қолымызда бар асық 1 000-нан асады. Өйткені асық ойнау математикаға зейінімізді арттырып, логикамызды шыңдайды. Робот арқылы асықтарды жинаймыз. Кімде көп асық болады, сол ұтады. Робот осал болып, бұзылып қалмауы керек. 2 баладан құралған екі команда ойнай алады. Сабақ арасындағы үзілісті осылай қызықты өткіземіз, – дейді 5-сынып оқушысы Абзал Темірбай.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ