Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды.
Бауыржан Құдайбергенов қызметінен босатылды
Фото: primeminister.kz
621
оқылды

Бауыржан Құдайбергенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Құдайбергенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Бауыржан Құдайбергенов 1988 жылы дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Манчестер университетін, (Ұлыбритания) және Назарбаев университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Талдау және ақпараттандыру бөлімінің инспекторы болып бастады.

2012-2017 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті құрылымында сарапшы-аудитор, бас сарапшы-мемлекеттік аудитор қызметтерін атқарған.

2018-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде, ҚР Тұңғыш Президенті Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет етті.

2022 жылғы ақпаннан бастап ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болды.

2023 жылдың 27-ші маусымында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды. 

«Болашақ» стипендиясының иегері, 2021 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.