Мемлекеттік және қоғамдық қызметке еңбегі сіңген азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Президент Жарлығымен мемлекеттік наградалар берілді
Фото: akorda.kz
472
оқылды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Олардың қатарында:

4 еңбек ардагері;

19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;

14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;

6 кәсіпорын басшысы;

3 қоғамдық ұйым өкілі;

7 мемлекеттік қызметкер;

6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар, – делінген Ақорданың ресми ақпаратында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.