Инфляция өскен сайын базалық мөлшерлемені көтеру керек
Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің тағы да көтерілу мүмкіндігін хабарлады
www.nationalbank.kz
979
оқылды

Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдағаны белгілі. Ресми мәлімдемеге сүйенсек, мұндай шешім қабылдауға жаңартылған болжамдар мен инфляциялық тәуекелдердің балансы негіз болған.

Десек те Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме әлі де көтерілуі мүмкіндігін жеткізді. 

— Өкінішке қарай, базалық мөлшерлеме инфляцияға байланысты. Сондықтан инфляция өскен сайын бізге де базалық мөлшерлемені көтеруге тура келеді. Осыны түсіну керек. Бүгін біз қабылдаған шешім сондай тенденцияның алдын алу мүмкіндігін арттырады. Келешекте базалық мөлшерлемені күрт өсірмеу үшін қазірден  көтеру қажет деп таптық, — деді Тимур Сүлейменов. 

ҚР Ұлттық банк Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 11 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланатынын хабарлады.