Оның өкілеттік мерзімі 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады.
Әділ Мұхамеджанов Қазақстан қор биржасының басшысы болды
kcsd.kz
350
оқылды

«Қазақстан қор биржасының басшысы Әділ Мұхамеджанов болды.  Бұл туралы KASE баспасөз қызметі хабарлады.

– 2025 жылдың 31 наурызынан бастап Қазақстан қор биржасының (KASE) директорлар кеңесінің шешімімен Әділ Мұхамеджанов KASE басқармасының төрағасы болып сайланды. Оның өкілеттік мерзімі 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады,– деп хабарлады KASE баспасөз қызметі.

Әділ Мұхамеджанов 2021 жылдан бері «Орталық бағалы қағаздар депозитарийі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған. Бұған дейін ол KASE басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген. Сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі монетарлық операциялар департаментінде түрлі лауазымдарды атқарған.

Сонымен қатар Қазақстан қор биржасы (KASE) директорлар кеңесінің шешімімен Алина Алдамбергеннің KASE басқарма төрағасы ретінде өкілеттігі тоқтатылды. Ол бұл қызметте 2016 жылдан атқарды. Ол бұған дейін қаржы нарығында, оның ішінде реттеуші органдарда және KASE директорлар кеңесінде жұмыс істеген.