Аруларды көктем мерекесімен құттықтады.
Мәулен Әшімбаев: Әйелдер қажыр-қайратымен елдің дамуына үлкен үлес қосып келеді
459
оқылды

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сенат Төрағасы бүгінде әйелдер белсенді еңбек етіп, ел дамуына үлес қосып жатқанын атап өтті.

«Мейрам қарсаңында бірқатар әріптесіміз жоғары наградалармен марапатталған болатын. Бүгін ұжым болып сенатор әріптестерімізді және Палата аппаратындағы қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, сол марапаттарды салтанатты түрде тапсырдық. Бүгінде қазақстандық әйелдер өздерінің қажыр-қайратымен елдің дамуына үлкен үлес қосып келеді. Осы орайда Сенаттағы аруларымыздың өте белсенді екенін атап өткен жөн. Олар халық сенімін абыроймен ақтап, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформаларын іске асыру үшін аянбай еңбек етіп жүр. Аппараттағы әпке-қарындастарымыздың да ел үшін атқарып келе жатқан еңбектері зор. Шын мәнінде, Палатада қабылданатын әр шешімде олардың үлесі мол. Осыған байланысты Сенаттағы барлық ер азаматтың атынан ару әріптестерімізге алғыс айта отырып, тағы да көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға амандық, бақ-береке және барлық істеріңізге сәттілік тілейміз!» – деп жазды әлеуметтік желіде Мәулен Әшімбаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.