Қымбатты ханымдар!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
346
оқылды

Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – сұлулық пен мейірімділіктің сим­волына айналған шуақты мереке.

Халқымыз ежелден анасын ардақ­тап, қыздарын қадірлей білген. Көпте­ген ару­ларымыздың есімі төл тарихы­мыз­ға алтын әріппен жазылған. 

Қазір Қазақстанда әйелдер түрлі кәсіп­пен айналысып, бизнесте және қо­ғамдық қызметте зор табысқа жетіп жүр. Олар биік белестерді бағындырып қана қоймай, са­налы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай ең­бек етіп келеді. 

Барлық әйелдердің адал еңбегі ең жо­ғары бағаға лайық. Осы сәтті пай­да­ланып, Қазақстандағы аналар мен ару­лардың бә­ріне шынайы ризашылы­ғым­ды білдіре­мін.    

Мемлекет әйелдердің құқықтарын қор­­­­­ғауға және барша азаматтың жан-жақ­ты дамуы үшін жағдай жасауға әр­дайым баса назар аударады.      

Жанашырлық, жауапкершілік, жа­сампаздық сияқты асыл қасиеттерді бойы­на сіңірген әйелдер қауымы елі­міз­дегі ау­­­­қымды өзгерістерді жүзеге асы­­руға зор үлес қоса береді деп сене­мін. 

Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-бе­реке тілеймін!