Сәрсенбі, 12 наурыз таңғы 06 сағат 15 минутта жер сілкінісі тіркелген.
Қазақстанда жер сілкінді
Фото: istockphoto
13,889
оқылды

Министрліктің Telegram каналында хабарланғандай, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ҚР ТЖМ "ННЦСНИ" ЖШС сейсмикалық стансалар желісімен 2025 жылғы 12 наурызда Астана уақытымен 06 сағат 15 минутта жер сілкінісі тіркелді. Ошағы Өзбекстан Республикасының аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 684.00 шақырым жерде орналасқан. (Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылынан 16 шақырым қашықтықта). Сезілетіні туралы мәліметтер: Есептік қарқындылығы (балмен): Келес ауданының Абай ауылы 3.0 б., Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласы 3.0 б. құрады. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ,  делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік тұрғындарға жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды ұсынды:

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақ қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз  жоғары қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында  жасырыңыз;

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);  көпқабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

6. Үйден шығар алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерден, ғимарат,  ағаштардан аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.