Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары телефон арқылы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
Мұрат Нұртілеу мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио халықаралық мәселе бойынша пікір алмасты
Фото: gov.kz
321
оқылды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті,  деп хабарлайды Aikyn.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сонымен қатар жаһандық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты қоса алғанда, бірқатар маңызды халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланыстарды қолдауға келісті, – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.