ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – ғылым мен білім саласындағы әйелдердің жетістіктерін атап өту және жас ғалымдарға қолдау көрсету, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының тапсырмасымен 10 жас ғалымға пәтер сертификатын табыстады.
Салтанатты шарада QyzPU Жаратылыстану институты, биология кафедрасының PhD, аға оқытушысы Алия Амангельдиевна Рамазанова да тұрғын үй сертификатына ие болды.
Алия Амангельдиевнаны шын жүректен құттықтай отырып, ғылым жолында жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!