Оларға "Тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай" диагнозы қойылған.
Түркістанда 22 адам сушиден уланып, ауруханаға түсті
Фото: istockphoto
767
оқылды

Түркістанда 22 адам сушиден уланып қалған. Қазір олардың жағдайы жақсы, ешқандай шағымы жоқ, - деп хабарлайды Aikyn.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оларға "Тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай" диагнозы қойылған.

"Түркістан қалалық орталық ауруханасына 22 науқас жатқызылды. Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайлары қалыпты. Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарға жатқызылып, ем тағайындалған, дәрі-дәрмек жеткілікті", - деп хабарлады ведомство.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.