Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Жасөспірім қыздардың құқығын қорғау, ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Ерте жүктілік – өткір мәселе
323
оқылды

Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп жасөспірім қыздардың жүктілігі проб­лемасы кешенді тәсілді талап ететін құқықтық және әлеуметтік өткір мәселе екенін атап өтті. Оның айтуынша, ерте ана болу жас аналар мен олардың ба­ла­ларының денсаулығына кері әсерін ти­гі­зе­ді, білім алу мен толыққанды даму мүм­­­­кіндіктерін шектейді.

«Біздің дөңгелек үстел жасөспірім қыз­дардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде атқарылған және алдағы жұ­мыстарды талқылауға бағытталған. Про­фи­лактикалық шараларды күшейту, жас­тардың хабардарлық деңгейін арт­тыру, жасөспірімдерге дәрігерлік және психологиялық қызметтердің қол­же­тім­ділігін жақсарту басым міндеттердің қа­тарына жатады. Мекемеаралық өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін әзірлеу де маңызды. Ол осы мәселені кешенді тә­сілмен шешуді қамтамасыз етуге мүм­кін­дік береді», – деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Отырыс барысында репродуктивті ден­саулық бойынша білім беру бағдар­ла­маларының сапасын арттыру мәселе­лері, жасөспірімдер жүктілігінің алдын алудағы мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың рөлі, сондай-ақ жасөспірім қыздарды қолдау үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі шаралар талқыланды.

Қатысушылар кәмелетке толмаған­дар­дың құқықтарын қорғау жұмыстары тұрақ­ты негізде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл бағытта мемлекеттік құ­ры­­­лымдар ғана емес, сонымен қатар қо­­ғамдық ұйымдар, сарапшылар қауым­дастығы және халықаралық әріптестер де ерекше рөл атқарады.

Қатысушылар дөңгелек үстелді қо­ры­тындылай келіп, заң ережелерін же­тіл­діру, ағартушылық бастамаларды да­мыту және өмірде қиын жағдайға тап бол­ған жасөспірімдерді қолдау жүйесін кеңейту жөніндегі жұмысты одан әрі жал­ғастыру қажеттігін атап өтті.