Астанада өтетін Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жасады.
Қорғаныс министрлігі: Жол қозғалысына уақытша шектеу қойылып, әуе рейстерінің кестесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін
Фото: akorda.kz
561
оқылды

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Астана қаласында өтетін әскери парадқа дайындық шараларына байланысты 13 наурыздан бастап жеке құрамды тасымалдау және әскери техниканың теміржол көлігімен де, өз жүрісімен қозғалысы басталады деп жоспарлануда, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

– Осыған орай еліміздің кейбір аймақтарындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.
Сондай-ақ, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығу ұшуларын жүргізу үшін Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады.
Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Біз азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылауды ұсынамыз. Енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды, жалған ақпарат таратпай, тек ресми дереккөздерге жүгінуді сұраймыз, – делінген ресми хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.