Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Президент ертең Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады
Фото: akorda.kz
337
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады. Бұл туралы өз  Telegram арнасында Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
2022 жылы – Ұлытауда 
2023 жылы – Түркістанда 
2024 жылы – Атырауда өтті, – деп жазды Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.