Еліміздегі кей өңірлерде көктайғақ болатыны туралы «ҚазАвтоЖол» мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2025 жылғы 13 наурызда Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады.
– Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.