"Қазгидромет" синоптиктері 14 наурыз, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Республиканың басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтілуде.
Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ғана фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын болуы ықтимал.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады, ал солтүстікте жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 30 м/с жетіп, одан асуы мүмкін.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.