Республика аумағындағы ауа райының қалыптасуына екі қарама-қарсы атмосфералық процесс әсер етеді.
Күн 20 градусқа дейін жылынады: 15-17 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto
4,690
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 15-17 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы күндері республика аумағындағы ауа райының қалыптасуына екі қарама-қарсы атмосфералық процесс әсер етеді. Шығыс, орталық және солтүстік-шығыс аймақтарда антициклон ықпалынан ауа райы құрғақ және тұрақты болады. Ал батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде солтүстік-батыс циклон әсерінен жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, көріну деңгейі төмендеуі мүмкін.

Ауа температурасы:

  • батыста: түнде +2...+7°C, күндіз +12...+20°C.
  • солтүстікте: түнде -1...-10°C-тан -3...-2°C-қа дейін, күндіз +1...+6°C-тан +5...+10°C-қа дейін.
  • шығыста: түнде -12...-22°C-тан -5...-12°C-қа дейін, күндіз -2...+6°C-тан +1...+8°C-қа дейін.
  • оңтүстікте: түнде +2...+7°C, күндіз +13...+18°C-тан +18...+23°C-қа дейін.
  • оңтүстік-шығыста: түнде -2...+3°C, таулы аймақтарда -8...-13°C, күндіз +10...+15°C-тан +15...+20°C-қа дейін болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.