Ұлттық құрылтайдың IV отырысы Бурабайда өтіп жатыр.
Ұлттық құрылтай келесі жылы Қызылордада өтеді
277
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Соңғы жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз.

Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына 100 жыл толып отыр.

Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын, – деді Президент.