Президент Үкіметке цифрлық тәсілдерді және жасанды интеллектіні жаппай енгізу үшін қолайлы орта қалыптастыруға арналған жұмысты күшейтуді тапсырды.
Қазақстан электронды үкіметтің дамуы бойынша БҰҰ-ның ТОП-25 елдері қатарына кіреді
146
оқылды

Президент Ұлттық құрылтай отырысында цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану ісінде еліміз зор жетістікке жете алатынын атап өтті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Біз қазірдің өзінде Біріккен Ұлттар Ұйымының электронды үкіметтің даму деңгейі жөніндегі рейтингінде 190 мемлекеттің ішінен алғашқы 25 елдің қатарына кіріп тұрмыз. 

Бірақ  мұнымен шектеліп қалуға еш болмайды. Жоғары технологиялар экономиканың және мемлекетті басқару ісінің барлық саласын дамытуға тың серпін беріп, алға бастайды.

Үкімет озық цифрлық тәсілдерді және жасанды интеллектіні жаппай енгізу үшін қолайлы орта қалыптастыруға арналған жұмысты еселеп күшейтуге тиіс», – деді Тоқаев.