Мемлекет басшысының жаппай кітап оқитын ұлтқа айналу идеясына үлес қосу мақсатында «AMANAT» партиясы «Бірге кітап оқиық!» жобасын қолға алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Жоба аясында Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов «Қаныш аға осындай еді...» деген кітапты оқуға кеңес беріп, ары қарай кітап оқу идеясын ұсынуды көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Төлен Әбдікке жолдады.
Жазушы «Бірге кітап оқиық!» аманатын қабылдап, өзінің жан досы болған, жазушы марқұм Дулат Исабековтің «Қарғын» романын оқуды ұсынды.
Шығарманың негізгі идеясы – адам бойындағы шынайы махаббат, адал сезім, биік парасатты жан-жақты көрсету.
«Кітап оқу арқылы адамның білімі, түсінігі кеңейеді. Интеллектуалдық деңгейі көтеріледі. Бастамаларыңыз өте жақсы екен. Ұсынысты маған айту тапсырылған екен, рақмет. Қазақ әдебиетінде оқитын заттар көп. Бірақ жақында қайтыс болған өзімнің ең жақын досым, қазақ әдебиетінің ең тамаша классик жазушысы Дулат Исабековтің шығармасын қанша оқысаң да көпсінбейсің. Оның «Қарғын» деген романы бар. Бұл – ерекше роман. Мұндағы мөлдір махаббат, өмірдегі келеңсіздіктер мен әділетсіздіктерге қарсы наразылықтың протестік образы бар ішінде. Сондықтан келесі кітап Дулаттың «Қарғын» романын болса деп тілек айтамын», – деді Төлен Әбдік.
Жазушы жоба ережесіне сай келесі кітапты анықтауды Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевқа жолдады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.