Бұл жайлы актер "Айқын" газетінде жарияланған сұхбатында айтты
Актерлердің алатын жалақысы өте аз - Нұркен Өтеуіл
1,232
оқылды

"Актерлердің алатын жалақысы да өте аз". Бұл жайлы актер Нұркен Өтеуіл "Айқын" газетінде жарияланған сұхбатында айтты.

"Мен театрда актер боламын деп мүл­дем ойламағанмын. Әу демейтін қазақ жоқ. Әрқайсыңыз да әйтеуір ән айтып, өлең оқисыздар. Біздің халықтың өнерге жаны жақын ғой. Ауылда жүргенде мен де ән айтып, әнші болуды ойладым. Теле­ди­дардан Асанәлі Әшімов сияқты абыз ақса­қал­дарымыздың фильмдерін көрдік. Біздің бала күнімізде М.Әуезов театры ауыл-аймақ­ты аралайтын. Сондағы актерлерді көріп өс­тік.

Алаш азаматына айналған, халқымыз­дың біртуар перзенті Бекжан Тұрысты танитын шығарсыздар? Екеуміз бір ауылдан­быз. Мені өнерге алып келген жанның бірі – Бекжан аға. Бала күнімде радиоға апарып дауысы­мызды жазғызды. Одан кейін Т.Жүр­генов атындағы өнер академиясына алып келді. Сөйтіп, Бекжан аға ұстаз ретінде мені өнер жолына салды. Театрға келгеннен кейін актерліктің машақаты көп мамандық екенін білдім. Көбі әртістер сахнада күліп жүріп, өмірлерін өткізеді деп ойлайды. Мен олай айт­пас едім.

Актердің жолы – қиын жол. Оны мен өз балаларыма да айтамын. «Бұл жол­да менің жүргенім де жетеді. Сендер басқа жолды таңдаңдар. Егер жанкештілікпен өнер ішінде жанып-күйемін десеңдер нә­тижеге жетесіңдер. Ол үшін де күш керек. Ер­тең қиналып қалсаңдар кім кінәлі болады? Өздерің ойланыңдар. Бұл салаға кел деп те айта алмаймын. Өйткені өзім бұл қиындықты көрдім. Актерлердің алатын жалақысы да өте аз. Кейбірі киноға түсіп, дубляж жасап қосымша табыс табады. Тек театрда еңбек ететіндер бар. Ал олар қалай күн көреді? Актерлікке келу үшін осының бәрін ойлану керек. Мамандық таңдауда фанатизмге берілудің қажеті жоқ» деп айттым бала­лары­ма.

Адам өмірде мамандық таңдауда, жар таңдауда қателеспеуі керек. Ол үшін жастай­ыңнан көп кітап оқуың керек. Қазіргі бала­лар кітап оқымайды ғой. Егер көп кітап оқыса, әр бала өзін табады. Өнер жолын таң­дап отырған бала кітап оқығаннан кейін одан айнып қалуы мүмкін. Өйткені кітап баланың санасын ашады. Қазір балалардың барлығы блогер, әнші болғысы келеді. Себебі қоғамды шоумен­дер жаулап алды. Олар өз өмірлерін виртуалды әлемде мінсіз етіп көрсетіу ар­қылы жасөспірімдердің санасын улап жатыр. Көзқарасы әлі қалыптаспаған бала жылтыр дүниеге тез құмартады. Ал оқыған бала өз жолын адаспай табады",  -  деді актер

Сұхбатты толық оқи аласыз.