Осыған орай Төтенше жағдайлар министрлігі дауылға қатысты сақтық шараларын ұстануды ескертті.
«Қазгидромет»: Еліміздің басым бөлігінде  ауа райының нашарлауы күтілуде
Фото: gov.kz
8,960
оқылды

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, еліміздің басым бөлігінде  ауа райының нашарлауы күтілуде: жауын-шашын, жел екпіні, тұман және көктайғақ, шаңды дауыл, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Күндізгі ауа температурасының оң болжамына байланысты ТЖМ келесі сақтық шараларын ұстануды ұсынады: қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан, қар басқан беткейлерге шығудан аулақ болыңыз; су айдындарындағы мұз қабатының ықтимал бұзылуына және азаюына байланысты мұзға шығуды шектеңіз, - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.