Қазір жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында.
Батыс Қазақстандағы Шідерті өзенінде су деңгейі күрт көтерілді (видео)
669
оқылды

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында қардың жылдам еруі нәтижесінде Шідерті өзеніндегі су деңгейі күрт көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ мәліметінше, Ақсай-Жымпиты автожолының 27-шақырымында, Аралтөбе ауылының жанында су негізгі өткелді жөндеу кезінде салынған уақытша көпірдің айналасындағы топырақты шайып кетті.

Қазір жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында. Жергілікті атқарушы органдар мен Полиция департаменті қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.

– ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің күшімен өзен деңгейі төмендегеннен кейін уақытша көпірді нығайту үшін инертті материалдары бар қаптар толтырылып жатыр.

Жергілікті тұрғындар жедел хабардар етілді, елді мекендерге қауіп жоқ.

Қазіргі уақытта Бөрлі ауданы Ақсай қаласы жағынан баламалы жол жүру жолдары бар, – делінген ТЖМ ақпаратында. 

Қалпына келтіру жұмыстары су деңгейі төмендегеннен кейін бірден басталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.