Облыстық департаменттің жанынан облыстық жедел штаб құрылды.
Батыс Қазақстандағы өзендерде су деңгейі көтеріліп жатыр (видео)
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
542
оқылды

Батыс Қазақстан облысында еріген қар суы салдарынан өзендердегі су деңгейі көтеріліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазір Қаратөбе ауылындағы Қалдығайты өзенінде ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің Ақтөбе қаласының әскери қызметшілері инертті материалдар салынған қаптарды толтырып, жинап жатыр.

ТЖМ мәліметінше, жағалауды нығайту жұмыстарына тиегіш техника жұмылдырылған. Әзірге өзендердің деңгейі қауіпті деңгейге жетпейді.

Департаменттің жанынан облыстық жедел штаб құрылып, жедел желі жұмыс істейді.