Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.
Синоптиктер 19 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: istockphoto
1,741
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 19 наурызда Қазақстанның 13 аймағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, облыстың оңтүстігі мен орталығында екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысатын жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады.

Алматы облысының шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 17-22 метрге дейін жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.