Жеңіс шеруіне дайындыққа байланысты ұшу кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.
Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға өзгерістер туралы ескертті
Фото: gov.kz
743
оқылды

Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға Жеңістің 80 жылдығына, сондай-ақ Отан қорғаушы күніне орай өтетін әскери шеруге дайындық және оны өткізу кезінде ұшу кестесінде болуы мүмкін өзгерістер туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құзырлы органдардың бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр (қоса алғанда) аралығында Астана қаласының әуекеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларына байланысты қысқамерзімді шектеулер енгізіледі. Осыған байланысты ұшу және ұшып келу кестесіне өзгерістер енгізілуі ықтимал. Әуежай жолаушыларға өзекті ақпаратты авиакомпаниялардың және әуежайдың ресми ресурстарынан алдын ала нақтылауды ұсынады.

Уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауларыңызды және ықтимал өзгерістерді ескере отырып, сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.