Осы орайда «Таза Қазақстан» жай науқан емес, тұтас еліміздің келбетін өзгертетін бастама деп байыптады. Жалпыхалықтық ізгілікті іске айналған бұл бастаманы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚЗУ ұжымы мен студенттер өкілдері жүйелі жалғастырып, тұрақты негізде «Таза бейсенбі» апталықтарын өткізуді жақсы үрдіске айналдырды.
Бүгін 19 наурыз – Жаңару күнін М.Әуезов атындағы ОҚЗУ ұжымы мен студенттер ғимарат алдына сәндік көшеттер отырғызумен бастады. «Экология» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» Боралдай филиалы өкілдері, оқу ордасының басшылық құрамы, профессор-оқытушылар мен студенттер атсалысты.
Көктемгі жаңару мерекесінде шырша, сирень, қарағай секілді ағаш көшеттері егіліп, оны күтіп-баптауға белсенді жастар үлес қосатынын жеткізді.
Бұл күннің өз мәні бар. Наурыз айында ел аумағында отырғызатын жаңа көшеттер тәрізді бұл күндері қоғамдық мәдениетке Наурыздың жаңа дәстүрлері сіңіріледі. Отырғызылған көшеттер өніп шығып, ағаштар жеміс бергені сияқты жаңа идеялар мен құндылықтар өз жемісін беріп, қоғамымызды нығайтып, өркендеуге жетелейді.
Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы