Еліміздің бас қаласы мен өзге де ірі қала, облыстары Наурызды биыл ерекше тойлайды, тұрғындар мен қонақтарға түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.
Қазақстанда Наурыз мейрамын қайда тойлауға болады?
Фото: istockphoto
820
оқылды

Биыл еліміздің түкпір-түкпірінде Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып, жүздеген мәдени іс-шара өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, әр өңірде ұлттық дәстүрлерді, музыканы, гастрономияны және заманауи технологияларды біріктірген ерекше бағдарламалар әзірленген.

Алматы
🔹 «Алматы – Наурыз құшағында» гала-концерті (21 наурыз, 11:00, Астана алаңы) – «Дос-Мұқасан» ансамблі, Майра Мұхамедқызы, КешYou тобы және басқа да өнерпаздардың қатысуымен өтеді.
🔹 Juldyzdy Almaty (21-22 наурыз, 18:00, Астана алаңы) – танымал әншілер қатысатын кешкі музыкалық фестиваль.
🔹 Nauryz Fest фестивалі (21-25 наурыз, Абай алаңы) – VR-инсталляциялармен безендірілген интерактивті киіз үйлер, Абай Құнанбайұлына арналған көрме, қолөнер жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары және кешкі концерттер.
🔹 «Түркі әлемінің мега жұлдыздары» концерті (22 наурыз, 20:00, Almaty Arena) – Sadraddin, Mustafa Sandal, Roza Zergerli, Burak Özçivit қатысады.
🔹 5000 адамнан құралған хор (22 наурыз, 9:30, Абай даңғылы) – Абай әндерін орындайды.
🔹 «Наурыз тойы – мерекем» кітап жәрмеңкесі (21-25 наурыз, Арбат) – жазушылармен кездесу, поэзиялық кештер.
🔹 Панфилов көшесіндегі креативті фестиваль (21-22 наурыз) – VR-экспириенстер, робот-даяшылар, арт-инсталляциялар.

Астана
🔹 Көшпенділер өркениеті фестивалі (21-22 наурыз) – этнографиялық реконструкциялар, көрмелер және аспаздық шеберлік сабақтары.
🔹 Ұлттық спорт жарыстары (21-23 наурыз) – қазақша күрес, асық ату, гір көтеру жарыстары.
🔹 Орталық алаңдардағы мерекелік концерттер (21-22 наурыз) – отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Түркістан
🔹 «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» туристік маусымының ашылуы (19 наурыз) – мерекелік шеру, концерттер, тарихи қойылымдар.
🔹 «Көне түркі дәстүрі» этнофестивалі (22 наурыз) – ұлттық ойындар, қолөнер шеберлік сабақтары, салт-дәстүрлер.
🔹 Бекзат Саттархановты еске түсіруге арналған XXIII халықаралық бокс турнирі (30 наурыз – 4 сәуір) – үздік боксшылар қатысатын беделді жарыс.

Шымкент
🔹 «ДәмДәсTour» гастрономиялық фестивалі (30 наурыз, Әл-Фараби алаңы) – палау, кәуап, самса, наурыз-көже әзірлеу байқауы, «Қазақстандағы ең үлкен самса» гастрорекорды.

Алматы облысы
🔹 Орталық алаң – 25 киіз үй, салт-дәстүрлер, эстрада жұлдыздарының концерті.
🔹 Қонаев көшесі – қолөнер жәрмеңкелері, аспаздық шеберлік сабақтары.
🔹 Қалалық саябақ – асық ату, қазақша күрес, фотозоналар.
🔹Қыдыр ата мен 100 домбырашының театрландырылған шеруі (21 наурыз) – Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған ауқымды музыкалық қойылым.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.