Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді. 
Үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: istockphoto
891
оқылды

Еріген қар суының салдарынан үш облыстағы республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Ақтөбе облысы:

  • «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы-Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

  • Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 259 арнайы техника мен 539 маман жұмылдырылған.