Сауд Арабиясында АҚШ пен Украина өкілдері арасында қақтығысты реттеуге байланысты келіссөздердің екінші кезеңі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Тараптар энергетикалық нысандар мен аса маңызды инфрақұрылымды қорғау мәселелерін ортаға салған.
Украина делегациясын Қорғаныс министрі Рустем Умеров бастап барды. Оның айтуынша, кездесу жемісті болған.
New York times басылымы америкалық делегацияға негізінен диломаттар мен үкімет кеңесшілері жетекшілік етті деп жазды. Келесі кездесу АҚШ пен Ресей өкілдерінің арасында өтеді.
– Қорғаныс министрі Рустем Умеров маған кездесу және келіссөз барысын баяндады. Біздің делегация үшін бәрі нәтижелі болған. Бірақ басқосуда не талқыланса да, атысты нақты тоқтату жайы басымдықта болмақ, – деді Украина президенті Владимир Зеленский.