Өрт 300 шаршы метр алаңды шарпыған.
Жаңаөзенде екі қабатты ірі сауда орталығы өртенді (видео)
Видеодан скриншот
1,831
оқылды

Түнде Жаңаөзен қаласының 1-шағынауданында орналасқан екі қабатты сауда орталығының бірінші қабатында өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің ғимараттың барлық ауданына таралуына жол берілмеді. Өрт 300 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда, – делінген хабарламада.

Осы ретте ТЖМ өкілдері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.