"AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.
"AMANAT":  Ақай ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешені  ашылды
фото: "AMANAT" партиясының баспасөз қызметі
318
оқылды

Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Сенат  депутаты Руслан Рүстемов, Мәжілістегі "AMANAT" партиясы фракциясының мүшелері  Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев  және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты.  Өңір басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтап, мұндай кешендердің көбейгені халықты спортпен шұғылдануға ынталандыратынын атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз», – деген болатын. Тұрғындар спортты күнделікті өмір салтына айналдыру үшін осындай кешендердің саны артып келеді. Өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында  "Үстел теннисі" орталығы пайдалануға берілді. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадион мамыр айында ел игілігіне табысталады. Жақын күндері көпбейінді «Қызылорда Арена»   денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады.

Жыл басынан бері Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар елді мекендерінде, Сырдария ауданының Бесарық ауылында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Дәл осындай спорт кешені күні кеше Шиелі ауданының Жақаев ауылында пайдалануға берілсе, ертең Жалағаш ауданында іске қосылады. Бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ақай ауылындағы жаңа спорт кешенін табыстауға жиналдық. Халқымызда «Дені саудың – жаны сау» деген жақсы сөз бар.  

Ауыл жастарының спортпен шұғылданып, байрақты бәсекелерде, дүбірлі додаларда еліміздің, аймағымыздың атын асқақтатуына тілектеспіз. Жаңа спорт ғимараты құтты болсын! Баршаңызды  жыл басы  Наурыз мейрамымен шын жүректен тағы да құттықтаймын!», деді Н.Нәлібаев.

Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.