Абай тойына тарту
Абай тойына тарту
308
оқылды
Құнанбай Өскенбайұлы көпшілікке М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасынан таныс. Дегенмен тобықтының дауына да, жауына да жауап қайтара алатын қажы жайлы білеріміз аз. Енді Абайды тәрбиелеген тұлғамен жақынырақ танысуға болады. Өйткені тарих ғылымдарының докторы Ерлан Сыдықовтың «Құнанбай» атты кітабы жарық көрді. Нұр-Сұлтан қала­­сын­да Ұлттық ғы­лым ака­­де­­миясы, халықа­ра­лық Түр­кі академиясы, Қазақ­стан Жазушылар одағы, Ұлт­тық академия бірігіп та­рихи еңбектің тұсауын кес­ті. Құнанбайдың өмір жолы мен атқарған ісі ар­қау болған туынды 3 000 да­на­мен шыққан. Ғылыми еңбектің ав­торы Ерлан Сыдықов атал­ған кітапты жазу үшін ұзақ уақыт зерттеу жүр­­гізіп, ар­хив ақтарған. Ол Омбы, Но­восібір, Шы­ғыс Қа­зақ­стан және Орта­лық Қа­зақ­стандағы архив­те­рі­нен құнды мағлұмат тап­қан. Ғалым тұсаукесер рәсі­мінде неліктен Құнан­бай­ды кейіпкер ретінде таңдап алғанын түсіндірді. Ерлан Сы­дықовтың сөзінше, оқыр­­ман оған «Абай жо­лын­дағы» образ ретінде емес, тарихи тұлға есебінде үңі­­луі керек. Зерттеу бары­сын­да түрлі тың дерек пен ай­рық­ша көзқарасты бай­қа­ғанын атап өтті. «Құнан­бай» кітабы Мәс­­кеудің «Молодая гвар­дия» баспасында «ЖЗЛ» се­риясымен шыққан. Айта кетерлігі, кітап орыс ті­лін­де жазылған. Бола­­шақ­та туындыны қазақ, қы­тай, түрік және ағыл­шын тілдеріне аудару жос­­­парда бар екен. Хакім Абай­­дың 175 жылдық ме­рей­­тойына ар­налған тарту көптің кө­ңі­лінен шықты. Өздеріңіз білетіндей,  бұдан бұрын ғалымның «ЖЗЛ» сериясымен «Шә­кә­рім» кітабы жарық көрді. «Жизнь замечательных людей» сериясының өз ас­­тары бар. Ғалымның ай­т­уынша, қазақ түсінетін, бі­летін тұлғаны басқа жұрт та тануы тиіс. Осындай оймен «Шәкәрім» атты та­рихи-биографиялық кі­тап орыс тілінде шыққан. Ар­­тынша әлемнің 6 тіліне ауда­рылған. Сол себепті ке­ле­­шекте «Құнанбайды» да жаһан танып, қызыға оқи­ды деген ойдамыз.   Айбике ЖАНАСЫЛ