Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақтөбелік құтқарушылар 48 шетелдікке көмек көрсетті (видео)
696
оқылды

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы республикалық маңызы бар «РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР» тасжолының 789 шақырымында «Шымкент-Мәскеу» бағытындағы жолаушылар автобусы бұзылып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ қызметкерлері ақау шыққан автобустан жақын маңдағы жол бойындағы кафеге 48 жолаушыны, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады. 

– Эвакуацияланғандардың барлығы Тәжікстан Республикасының азаматы. Ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, – деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.