Мотоциклде болған жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Қарағандыда мотоцикл тізгіндеген 17 жастағы жасөспірім көз жұмды
Фото: istockphoto
1,054
оқылды

Қарағанды қаласында жасөспірім тізгіндеген мотоцикл апатқа ұшырап, жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ПД мәліметінше, 17 жастағы мотоцикл жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып бордюрға соғылып, қатты соққы әсерінен ұшып кеткен. Бағдаршам бағанасына соғылған жасөспірім ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырды.

Ал мотоциклде қайтыс болған жасөспіріммен бірге болған жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.