Алматыда полиция қызметкерлері алаяқтық қылмыстар жасады деген күдікпен үш әйелді ұстады. Бүгінде азаматтарға келтірілген жалпы шығын 346 миллион теңгеден астам соманы құрайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыскерлер әлеуметтік қорғалмаған топ өкілдеріне мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуды ұсынып, алдап кеткен. Олардың әрекеттерінің салдарынан көптеген азамат қомақты материалдық шығынға ұшыраған.
– Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі ("аса ірі көлемде жасалған алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция зардап шеккендердің барлығын және қылмыстық әрекеттің қосымша эпизодтарын анықтау бойынша шаралар қабылдауда, – деді Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының бастығы Айбат Мурзамадиев.
Аталған күдіктілердің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар мына телефон нөмірлеріне хабарласуына болады: 8-708-804-17-55; 8-747-181-05-74 және 8-777-216-17-37.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.