Бұл күннің мұсылмандар үшін маңызы мол, дәстүрі де өзгеше.
Теолог Бауыржан Қожагелдиев: Ораза айт күні мешітте намаз оқу – міндет
www.istockphoto.com
569
оқылды

Осы аптада қасиетті Рамазан айы аяқталып, 30 наурызда Ораза айт басталады. Сарапшылар ораза ұстаудың мәні мен мұсылмандық дәстүрлер туралы айтып берді. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлады.

Теолог Бауыржан Қожагелдиев мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін ораза ұстайтын қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін Ораза айт исламдағы басты мерекелердің бірі екенін баса айтты. 

Бұл күні алға қойылатын ұстанымдар:

Шүкіршілік ету мен қуаныш сыйлау

Мұсылмандар ораза ұстауға мүмкіндік бергені үшін Аллаға шүкіршілік етіп, қателіктері үшін кешірім сұрайды.

Тазару және игі істер жасау

Мереке алдында мұқтаж жандарға көмек ретінде зекет беріледі.

Намаз оқу және бірлікке ұмтылу

Ораза айт күні таңертең намаз орындалады, содан кейін мұсылман қауым ата-бабаларының бейіттеріне барады.

Қонақжайлылық пен дәм-тұз тарттыру

Бұл күні қонақ шақыру мен сыйлық беру әдетке айналған. «Бұл мереке мұсылман қауымның рухани тазаруын, мейірімділігі мен бірлігін білдіреді», – деді Бауыржан Қожагелдиев.

Сарапшы Ораза айт кезінде мұсылмандар үшін парыз болып есептелетін дәстүрлерді атап өтті.

Міндетті амалдар (уәжіп):

1. Оразасының толық болуы үшін мұсылмандардың айт намазына дейін беруі тиіс пітір садақасын мұқтаж жандарға беру.

2. Күн шыққаннан кейін мешітте немесе ашық жерде намаз оқу.

Орындалуы абзал, алайда міндетті емес амалдар (сүннет):

1. Айт намазы алдында дәрет алу (ғұсыл);

2. Таза және әдемі киім немесе жаңа киім кию;

3. Хош иісті заттарды қолдану (ерлер үшін);

4. Намаз алдында тәтті жеу (мысалы, құрма);

5. Мешітке барар жолда Аллаға (Аллаһу әкбәр) мадақ айту;

6. «Айт құтты болсын!» деп сәлемдесу;

7. Туыстарға бару, келіспеушіліктер туындаған адамдармен татуласу;

8. Қайтыс болғандарды еске алу үшін зираттарға бару;

9. Қонақтарды күту, сыйлықтар тарату, әсіресе балаларға қуаныш сыйлау.

«Бұл дәстүрлер мұсылмандарға мерекенің рухын сезінуге, отбасылық және қауымдық байланыстарды нығайтуға көмектеседі, сондай-ақ игі істер мен шүкіршіліктің маңыздылығын еске салады», – дейді Бауыржан Қожагелдиев.