Қазақстан ТМД елдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.